Белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы кішкентай актрисаға батасын берді
Белгілі журналист, Мәдениет қайраткері Қымбат Әбілдақызы кішкентай актрисаға өз батасын берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көрермендеріне Аёка есімімен таныс кішкентай актриса белгілі журналистпен кездескен сәтін әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода жасөспірім қыздың мәдениет қайраткерімен әңгімелесіп, батасын алғанын байқауға болады.
"Бар жоғы 1 сағаттың ішінде Қымбат апайымызбен сырласып, әңгімесін де тыңдап, батасын да алып үлгердік. Ұшаққа асығып, уақытымыз тығыздау болып қалды, болмағанда асықпай отырып апайдың әңгімесін тыңдар едік. Апайдың Аёкага деген ерекше махаббатын көріп көзіме жас келді. Аекаға ешкімге ұқсамаған ерекшем деп "Дара" деген ат қойыпты. «Өзіме ұқсаған бір қыз келді ау өмірге" деген сөздері қандай", - деп жазылған бейнежазбаға.
Сондай-ақ бейнежазбаға сенім артқан кішкентай қыздың болашақта биіктерді бағындыратыны, Қымбат апайындай халықтың жанашыры болатыны да жазылыпты.