Saturday, 23 November,2024

Белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғанда журналист әрі азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналистің ұсталғаны туралы ақпарат Telegram-дағы арналарда пайда болды. Онда Сандуғаш Дүйсенованың ҚК 147-бабы ("Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу") бойынша ұсталғаны айтылған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ол қылмыстық істің фигуранты болып табылады.

“Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша журналист ұсталды

11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 147-бабы 5-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып табылады. Бұл бап жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы тарату үшін жауапкершілік қарастырады.

Дүйсенова қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, процессуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылды.

Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын