Белгілі журналист Сейдахмет Құттықадам дүние салды
Құрмантай Жантелі
Фото ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Танымал саясаткер, журналист және сарапшы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қайғылы жағдайға байланысты Президент марқұмның отбасына, жақындарына көңіл айтты.
“Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын”, – деп жазылған жеделхатта.