Monday, 25 November,2024

Белгісіз әйел кішкентай қыздың аузы мен қолын матап, қараусыз ғимаратта ұрған: Балалар омбудсмені пікір білдірді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интенетте жасөспірім қызға қоқан-лоққы көрсеткен келіншектің бейнежазбасы тарады. Ол жеткіншектің аузы мен қолып матап байлап, кейін қараусыз ғимаратта бетінен ұрған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода белгісіз келіншек жасөспірім қыздың аузын орап байлап тастаған. Қолын артқа қайырып матап жатқанын байқайсыз. Жанында кішкентай бала тұр. Мұнан кейін қараусыз ғимарат ішіне алып кіреді.

Бұл жағдайға көп ұзамай балалар омбудсмені пікір білдірді. Сөзінше мұндай қадамға ақшалай қарыз себеп болған.

"Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазады Динара Закиева.

Ұсынылатын