Sunday, 24 November,2024

Белгісіз ер адам Теміртау тұрғынын ұрып-соғып, 2 миллион теңге бопсалаған

Алмас Абылай
Фото

Теміртауда тұрғынға күш көрсетіп, ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хаарлайды Uaqyt.info.

Полиция дерегіне сүйенсек, басқармаға 34 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2  млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

"Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді", - делінген ақпаратта.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсынылатын