Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Алмас Абылай
Фото
"Хабар" агенттігі Басқарма Төрағасы Берік Уәли Президенттің жанына қайта келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда ақпаратында.
Айта кетейік, Берік Уәли бұған дейін "Хабар" агенттігінің Басқарма төрағасы болды. Ал одан бұрын Президенттің баспасөз хатшысы лауазымын атқарған еді.