Sunday, 8 September,2024

Бес айлық сәбиін бесінші қабаттан лақтырмақ болған әкеге жаза кесілді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Петропавл қалалық соты бесінші қабаттың терезесінен 5 айлық сәбиін лақтырмақ болған әкеге жаза кесті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

23 жастағы ер адам 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Айта кетейік, ол мас күйінде жаңа туған нәрестені бесінші қабаттың терезесінен лақтырамын деп "азаматтық некедегі" әйелін қорқытқан. Оқиға өзара жанжалдан туған.

"Прокурор айыптауды қолдап, сотталушыға 120 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады, істеген ісіне өкініш білдірді. Оның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады сот.

Ер адам өз ісіне өкінетінін мойындағанына байланыты жаза осылайша жеңілдетілген. Бұдан басқа, жәбірленушіге бес айлық есептік көрсеткіш (17 250 теңге) мөлшерінде мәжбүрлеп төлем өндірілді.

Ұсынылатын