Sunday, 8 September,2024

Бес жасар қызды алмамен алдап, ұялы телефонын алып кеткен 80 жастағы ата ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, оқыс жағдай Байзақ ауданында болған. Полиция бөліміне 5 жасар қыздың анасы шағымданып, белгісіз қарт кісінің кәмелетке толмаған қызының смартфонын алып кеткенін хабарлаған. Күдікті бағасы 132 мың теңге тұратын гаджетті бүлдіршіннен алдау арқылы алмаға айырбастап алған.

Қарт кісінің үстінен ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 80 жастағы ер адам ұсталды. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.

Ұсынылатын