- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Беті қалың екен": Тойда "правасын" жоқтап ән айтқан Төреғалиді жұрт сынға алды
"Беті қалың екен": Тойда "правасын" жоқтап ән айтқан Төреғалиді жұрт сынға алды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Атышулы әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет әлеуметтік парақшасында бейнежазба жариялады. Онда болған жайтты жырға қосып, құжатынан айырылып қалғанына тоқталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әнші арнауы Instagram-да жарияланды. Онда тойлардың бірінде қолына домбырасын ұстап, болған жайтты өлең-жырмен айтқанын көруге болады.
"Ер жігіттің жарамас жылағаны, Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны. "Орнында бар оңалар" бәрін қойшы, Праваны айтсайшы пыраваны!", - деп жазады бейнежазбаға.
Десе де әншінің әрекетіне жұрт түрлі пікір қалдыруда. Бірі оның бұл ойымен қосылатынына тоқталса, енді өзгелері "беті қалың, бұның дұрыс емес" деп сынға алған.
Еске салайық, әнші Алматы көшелерінде полицияға бағынбай, кейін күшпен ұсталған еді. Тіпті балағат сөздер айтып, көлігімен қашпақ болған. Осы әрекеті үшін ол 20 күн түрмеге қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.