Friday, 18 October,2024

Бетінен тепті: “Дикий Арманның” ұсталған сәтінің видеосы пайда болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ұсталған сәтінің видеосы пайда болды. Онда күштік құрылым өкілдерінің оларды тепкінің астына алғанын көруге болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғаламторда пайда болған видео желіде қызу талқыланып жатыр. Онда «Дикий Арманның» Алматыдағы қонақүйлердің бірінің дәлізінде келе жатқанын көруге болады.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар адамды тіксінтпей қоймайды. Өйткені, қасындағы серіктерімен келе жатқан Арманның алдынан күштік құрылым өкілдері шығып, оларды тепкінің астына алады.

Басынан ауыр соққы алған Жұмагелдиевтің талып қалғанын аңғару аса қиын емес. Өйткені қимылсыз жатқан оған белгісіз ер адам жақындап, қолына тапанша ұстатып кетеді.

Айта кетейік 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматыда Дикий Арман есімді қылмыс әлемінің белсендісі ұсталған еді. Оған қылмыстық топ құрды, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды ұрлады деген бірнеше айып тағылған.

 

 

Ұсынылатын