Saturday, 23 November,2024

“Би – ол сенің құдаймен байланысқа шығуың”. Омар Жәлел өзін сынағандарға жауап берді

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Топ қыз-келіншектің ортасында билеймін деп, басы дауға қалған Омар Жәлел өзін сынағандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ғаламторда тараған Омар Жәлелдің биі қоғамда қызу талқыланған болатын. Онда қазақтың бас биі бір топ қыз-келіншектің ортасында барын салып билеп жатқанын көруге болады. Бірі ересек адамның бұл әрекетін сынаса, келесілері ода тұрған ештеңе жоқ деген еді. Омар Жәлел өзін сынағандарға қатысты былай деп жауап берді.

“Кеше меің билегенімді Мансұр деген жігіт әлеуметтік желіге салып қойыпты. Қазір сол би бүкіл Telegram, Facebook-те жүр. Бәрі шулап жатыр. “Бас биіміздің түрін қара, Қазыбек, Төле , !йтеке билер көрсе, жүрегі жарылып өлер еді” дейді. Адамға сонда билеуге болмай ма? Мысалы биге конституцияда тыйым салынбаған. Салт-дәстүрде тыйым салынбаған. Мысалы, атақты Шашубай Қошқарбаев 80 жасқа дейін билеген. Қазақта бұрынғы сал-серілердің барлығы билеген. “Аққу”, “Құс”, “Бүркіт” деген би түрлері болған. Қытайдың қазақтары әлі күнге дейін басына кесе қойып, оған су құйып “Аққу” биін билейді. Біз өз надандығымыздан қазір биді жоққа шығарып отырмыз. Би – ол сенің құдаймен байланысқа шығуың ғой”, - деді Омар Жәлел.

Ұсынылатын