Monday, 25 November,2024

"Билеуге қорыққан адам ертең жау келгенде шықпай қалады": Омар Жәлел биді батылдықпен байланыстырды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Омар Жәлел соңғы уақытта желіде талқыға түскен биіне байланысты нақты жауабын айтты. Сөзінше би батылдық, әрі Құдаймен байланыс, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Омар Жәлел "Адал адам" Youtube арнасында айтты. Сөзінше ол билеген кезде Құдаймен байланысқа шығатын көрінеді. Тіпті тойда билемеген адам елге жау келгенде қорқып шықпай қояды деп бір-ақ кесті.

"Мен еркін өмірге дайындалдым. Биді өнер деп қабылдаймын. Ал өнер - Құдайдан. Құдаймен байланысқа шығу үшін адам дүниені ұмыту керек. Билеген кезде денені ұмытамыз. Осы қылығым арқылы мен қоғамның миына сыймай жатырмын. Қоғам менің байсалды, ішпейтін, жемейтін образымды жасап алған. Тойда билеуге қорыққан адам ертең жау келгенде  қорқып шықпай қалады", - деді ол.

Сонымен қатар Омар Жәлел биге бала кезден қызығушылығы болғанын, ал кейін әскерге барғанда орындықпен вальс билеуді үйренгенін де айтады.

Ұсынылатын