Sunday, 24 November,2024

Билік алаңдаушылығы ма? Полицейлер үйде қару ұстайтын тұрғындарды тексеруде

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыда полиция қызметкерлері "Қару" жедел алдын алу шарасын қолға алды. Шара аясында ұйде қару ұстайтын тұрғындар тексерілуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық полиция дерегіне сүйенсек, шара қару қолданып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Бұдан басқа, заңсыз айналымдағы қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу жұмыстары да жүргізілуде.

"Іс-шараның бірінші күнінде 800-ден астам жеке азаматтық және 10 қызметтік қару иесі тексеріліп, нәтижесінде азаматтық және қызметтік қаруды сақтау шарттарын, тіркеу және қайта тіркеу ережелері бойынша 50-ге жуық заңбұзушылық анықталды. Өрескел заңбұзушылықтар үшін тіркелген 28 қару тәркіленді. Сондай-ақ, полицияның жедел қызметтерімен бірлесе отырып, 2 тіркелмеген қару мен 16 түрлі калибрлі патрондар табылды және тәркіленді",- дейді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Айдос Құсайынов.

Сонымен қатар полиция өкілі, тұрғындарды азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы барлық заң талаптарын сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін да назарда ұстаған жөн.

Ұсынылатын