Saturday, 23 November,2024

Билікке шабуыл: Лаңкестер ішкі істер министрлігін жарып жіберді

Алмас Абылай
Фото Анадолы

Түркияда лаңкестер жарылыс ұйымдастырды. Олар ішкі істер министрлігі ғимараты маңында террорлық әрекетке барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Анадолы агенттігінің дерегіне сүйенсек, Түркия ішкі істер министрлігінің Анкарадағы бас қауіпсіздік басқармасының қақпасының алдында екі лаңкес жарылыс жасаған.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болды. Полицияның екі қызметкері жеңіл жарақат алды.

"Жеңіл коммерциялық көлік мінген екі лаңкес ішкі істер министрлігінің бас қауіпсіздік басқармасына кіретін қақпаға келіп, жарылыс ұйымдастырған. Біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Екінші лаңкестің көзі жойылды. Атыс кезінде екі қызметкеріміз жеңіл жарақат алды", - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын