- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Білімдегі былық: Ақтөбеде 800-ден астам мұғалім жалған сертификат сатып алған
Білімдегі былық: Ақтөбеде 800-ден астам мұғалім жалған сертификат сатып алған
Ақтөбеде біліктілік санатын сатып алды деген күдікке 885 мұғалім ілінді. Енді оларды облыстық білім басқармасы жеке-жеке шақырып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатында айтты.
"Бұл жерде мәселе күрделі. Құзырлы органдардан 885 адам жалған сертификат жасады деп тізім келді. Оның ішінде қатардағы педагогтардан бастап, кей білім беру ұйымдарының басшылары да бар. Біз әрқайсысымен сұхбат жүргіздік. Кейбірі мойындап, қаржыны бюджетке қайтарды. Қазір 97 млн теңгенің 92 млн теңгесі қайтарылды. Сұхбат барысында өз білімімізбен тапсырдық, біз өзімізді ақтап шығамыз деп отырғандары да бар. Қазіргі таңда сол тесті ұйымдастыратын жеке компаниямен арада келісімшарт бұзылды. Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде келісімге қол қойылған болатын. Алдағы уақытта уақытта ҰБТ мектептер мен колледждерде өтеді, олар жабдықталады", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Бас дауға қалған ұстаздарға қатысты қазір тексеру жүргізіліп жатыр.
"Әлі күнге дейін кездесу болып жатыр. Жеке-жеке пікірін білу маңызды әрі алдын алу үшін сұхбат жүрді. Егер өзіңіз педагог бола тұра академиялық адалдықты сақтамасаңыз - өте өкінішті. Бізге қоғам өкілдерінен осы сұрақ қойылады. Бұл ауыр. Дегенмен ел боламын десек, академиялық адалдықты өзімізден бастауымыз керек", - деді басқарма басшысы.