Бір аптада 4 мектептің директоры парамен ұсталды
Алмас Абылай
Фото
Қырғызстанда бір апта ішінде 4 мектептің директоры парамен ұсталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, соңғы ұсталғандардың бірі 1 қыркүйек күні А.Г.Б. шағын учаскедегі мектепке ауыстыруға оң шешім шығарғаны үшін 5 мың сом алған.
Нақты қай оқу орнының директоры екенін Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтыламады, бірақ ұсталған күдіктінің сол күні арнайы қызметтің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.
Ведомство таратқан суретте №51 мектептің директоры Гүлнұр Арзиеваның кабинетінде қалай ұсталғаны көрсетілген.