Monday, 25 November,2024

Бір балаға 15 маман: Атырау облысында бір мектепте жалғыз оқушы оқиды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Кенбай ауылының тұрғындары дабыл қақты. Халықты жалғыз ғана оқушысы бар мектептің тағдыры алаңдатып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Информбюро дерегіне сүйенсек, Кенбай ауылындағы орта мектепте бір ғана оқушы білім алады. 3-сыныпта оқитын бала үшін 15 маман жұмыс істейтін көрінеді. Соған байланысты білім басқармасы қипақтап отыр.

Ондағы мамандардың айтуынша 1 бала үшін мектепті ұстап тұру қомақты қаржыны талап етеді. Тіпті 3 жыл бұрын осы білім шаңырағын жөндеу үшін 30 миллион теңге бөлінген. Енді жаңа оқу жылында бір баланы оқыту бюджетке шығын деп дабыл қаққан.

Десе де ауыл тұрғындары бұл алаңдаушылыққа қарсы. Айтуларынша тұрғындардың жеп отырған жалғыз наны осы. Мектеп жабылса ауыл тіршілігі де жоғалады дейді.

Әзірге мәселе нақты шешімін тапқан жоқ. Бірақ алдағы уақытта тұрғындармен бірлескен ортақ келісім болмақ.

Ұсынылатын