Saturday, 23 November,2024

"Бір қолы жоқ, денесі тістелген".  Камбоджада 72 жастағы жұмысшыны қолтырауындар талап өлтірді

Алмас Абылай
Фото ВВС

Солтүстік Камбоджада 72 жастағы фермерді қолтырауындар тістеп өлтірді. ВВС ақпаратынша қарияны 40 рептилия талап тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға Сотүстік Камбоджадағы Сием Рип қаласына жақын маңда орналасқан қолтырауын өсіретін фермада болған. 72 жастағы жұмысшы жорғалаушының жұмысртқасын алмақ болғанда қолтырауынның бірі оның таяғын тістеп, тура су жағасына бірақ құлатады. Дәл сол жерде 40 шақты рептилия адамды бас салған.

Луан Нам есімді қаза тапқан азаматты қолтырауындар жаны шыққанша талаған.

72 жастағы фермердің денесінің бәрі тістелген, бір қолы жоқ. Ол қолтырауын өсіретін жергілікті фермерлер қауымдастығының президенті болатын.

Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елінде болған алғашқы жағдай емес. 2019 жылы әлемге танымал Ангкор-Ват храмына жақын маңдағы ауданда осы секілді фермада екі жасар қызды колтырауындар жеп қойған.

Камбоджада қолтырауындарды жұмыртқасы, терісі мен етін пайдалану үшін өсіреді.

Ұсынылатын