- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Бір топ адам АҚШ-тан Қазақстанға есірткіні халықаралық пошта арқылы жеткізуге тырысқан
Бір топ адам АҚШ-тан Қазақстанға есірткіні халықаралық пошта арқылы жеткізуге тырысқан
Алмас Абылай
Фото ҚМА баспасөз қызметі
Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.
"Агенттік елордалық Департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын одан әрі бақыланатын жеткізуді жүзеге асырды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып табылады. Жалпы салмағы 500 гр. болатын кептірілген марихуана", - делінген ақпаратта.
Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берді. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.