- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- Бір топ лаңкес Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын және "Көк базарды" жармақ болған
Бір топ лаңкес Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын және "Көк базарды" жармақ болған
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті үлкен қауіптің алдын алған. Бір топ лаңкес Көктөбе телемұнарасы мен Көк базарды жарып жібермек болыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Президент телерадиокешені жазды. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді құрықтағаны айтылады.
"Бір топ радикал Алматыдағы "Көктөбе" телемұнарасын жармақ болған. Тағы бір тобы "Көк базар" сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздеген", - делінген ақпаратта.
Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтарына қатер төндірген террористер қалай анықталып, ұсталды? Сирия, Ауғанстандағы содырлардан нендей нұсқау алып отырған? Мұның бәрі Президент Телерадиокешені дайындаған эксклюзивті "Шыңырау" фильмінде толық айтылатыны да хабарланыпты.