Бір жыл бұрын із-түссіз кеткен ШҚО тұрғыны өлі табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 1989 жылы туған Артур Акопджанян 2022 жылдың 4 тамызында Бұқтырмаға жұмысқа кеткен екен. Ал 4 қыркүйекте ер адамды учаскелік полицей ұстап, артынша жіберген. 33 жастағы ер адамның өліміне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
“Полицейден жауап алу керек”, “Айдың-күннің аманында қалай өліп қалған?”, “Бұл істі жіті тексеру керек”, - деп жазды желі қолданушылары.