Бірнеше облысты басқарған Бердібек Сапарбаев қазір қайда жүр?
Бес облыстың әкімі болған, бұрынғы еңбек министрі Бердібек Сапарбаев қазір не істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы саясаткер KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты. Онда Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда магистранттар мен докторанттарға дәріс оқып жүргеніне тоқталған. Сондай-ақ ол Қазақстандағы саяси ахуалдарға, экономикасына қатысты пікір білдіріп, отбасына байланысты сұрақтарға жауап берді.
“Менің балам да адам. Оның өз отбасы бар. Мемлекет дамуына үлес қоссам деп жүр. Қазір Астана қаласының әкімдігінде жұмыс істейді. Әрине балам болғаннан кейін оған ақылымды айтып, кеңес беремін. Ең бірінші адал жұмыс істеу керегін, ел мүддесін жоғары қоюды, халық алдында кіші болуды айтып отырамын. Ізімді жалғастырушы жалғыз ұлымнан адами қасиеттен айрылмауды сұраймын”, - деді Бердібек Сапарбаев.