Saturday, 23 November,2024

Бишімбаевтың қылмысы: Бас прокурор Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бас прокурор Берік Асылов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Жақында Астанада азамат Нүкенованың өлтірілуі интернет кеңістігін дүрліктірді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту туралы Петицияға 150 мыңға жуық мүдделі қазақстандық қол қойды. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Елімізде отбасында әлімжеттік көрсетішулер саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін өскен. Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіріп, өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақаттар үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ тек жазалау әдістері жағдайды түзете алмайды.Тәртіпті қалпына келтіруде бізге қоғамның және әрбір азаматтың белсенді қолдауы қажет”, - деді Берік Асылов.

Қоғамда үлкен резонанс туғызған қылмыс 9 қарашада болған еді. Экс-министрдің 31 жастағы әйелін ұрып өлтіргені туралы Uaqyt.info бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын