Бішкекте атыс болды: Арнайы операция жүріп жатыр
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бішкек маңындағы Дмитриевка ауылында атыс болды. Бішкекке баратын жол жабылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қарулы қақтығыс бүгін құзырлы орган қызметкерлері мен қылмыскерлердің арасында болған. Осыған байланысты Дмитриевка ауылында арнайы операция жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам зардап шеккен. Қырғызстанның ІІМ лаңкестердің көзі жойылғанын хабарлады. Тергеу амалдары жалғасуда.