Friday, 20 September,2024

Биыл 3 айда екі жарым мыңнан аса адам елден көшіп кеткен

Алмас Абылай
Фото pixabay.com

Биыл қаңтар-наурыз айларында 2 664 адам басқа мемлекетке қоныс аударыпты. Ал Қазақстанған көшіп келгендер қатары 7 680 адам, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлттық статистикалық бюро дерегіне сүйенсек, көші-қон сальдосы 5 016 адамды құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87%-ға өсті. Ал кетушілер саны 49,6%-ға азайған. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді (2021 ж.-100,4 мың, 2022 ж. – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұлдар, 45,1 мыңы – қыздар.

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,06 туу. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 32,6 мың адамды құрады (2021ж. – 36,1 мың, 2022ж. – 38,1 мың), бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті – 6,65. Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 2023 жылдың 3 айында 60,9 мың адамды құрады.

Сондай-ақ, осы кезеңде 3,8 мың ажырасу тіркелді (АХАТ органдарының деректері бойынша соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда), бұл да 2022 жылдың тиісті деңгейінен 5,6%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79 құрады.

Ұсынылатын