Friday, 10 May,2024

Биыл 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Алмас Абылай
Фото pixabay

Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталады. Әрі тамыз айының 1-не дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ата-аналар электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініш бере алады.

"Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге  №065у  формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3*4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай – ақ 1-2 сәуір демалыс күндері, демек өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады", –деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Ұсынылатын