Friday, 3 May,2024

Биыл соғыс ардагерлеріне қанша ақша беріледі

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жеңістің 79 жылдығына орай Астанадағы соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі. Былтыр бұл сома 1 млн теңгені құраған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты жазды. Онда қазіргі уақытта бас қалада көзі тірі 7 ардагер қалғаны жазылған.

"Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайды. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың 7 ардагері тұрады. Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде төлем алады", - деп хабарланған әкімдіктің ресми сайтында.

Ұсынылатын