Sunday, 24 November,2024

Биылғы шомылу маусымында қанша адамның суға кеткені белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстанда биыл үш ай жазда 177 адам суға кетіп көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған.

Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.

Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен. Оқиғаның көпшілігі жабдықталмаған жағажайда болған.

Суға батып кетудің негізгі себебінің бірі - өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде шомылу немесе жүзу алмауы. Ал балалардың өлімінің басты себебі - ересек адамның қарауынсыз қалуы.

Ел бойынша барлығы 612 рұқсат етілген су демалыс орны бар. 4285 орын шомылу үшін қауіпті деп танылып, шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілді.

Ұсынылатын