Friday, 22 November,2024

"Біз - азат халықпыз". Петропавлда бір топ азамат Қазақстаннан тәуелсіздік алатынын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Петропавлда бір топ азамат "Халық кеңесі" атты ұйым құрып, Қазақстаннан егемендік алатынын, автономиялы ел болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Петропавлдағы бір топ азаматтың ел ішінен өз егемендігімізді аламыз деген бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода белгісіз келіншектің мәлімдеме жасап отырғанын көресіз. Онда ол Қазақстаннан тәуелсіздік алатынын айтады.

"Біз - Петропавл қаласының еркін және жігерлі халқы, ерлер мен әйелдер, еңбек адамдары Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізіне байланысты, халықтың өміріне қолайсыз жағдайлардың жасалып жатқанын ескеріп, сондай-ақ оның агенттерінің әрекетсіздігі мен абыройсыздығынан жүйенің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне мүлкіміз бен ресурстарымызды басқаруға толық сенімсіздік білдіреміз. Біз тәуелсіздігімізді, автономиямызды, егемендігімізді жариялаймыз", - дейді әйел бейнежазбада.

Кейіннен полция СҚО-дағы "Халық кеңесі" ұйымына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды. Бас прокуратура да аталған ұйымды жіті тексеріп жатыр.

"2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті әлеуметтік желілерде "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" ("Народный совет трудящихся города Петропавловск") құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) соталды тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын