Friday, 22 November,2024

«Біз спортшымыз ғой...» Журналистерден қашқан Ардақ Назаров мәжілісті рингке балады

Алмас Абылай
Фото facebook.com/Ардақ Назаров

Парламент Мәжілісінің депутаты болған Ардақ Назаров соңғы күндері неліктен БАҚ өкілдері сұрағына дұрыс жауап бермей жүргенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Әрі халыққа спортшы екенін тағы бір еске салып, ринке ешқашан қыздырынбай шықпайтынына тоқталды.

“Біраз сұрақтарға жауап берілмеді”-деп уайымдап отырғандарыңызды білемін. Біз спортшымыз ғой, рингке қыздырынбай кірмейміз. Дәл сол сияқты саяси рингте де қыздырынып, жан-жақты бағамдап, ішкі кухнясын көріп барып жауап бергеніміз дұрыс болады. Жақсы-жаманды таразылайтын, баға беретін уақыт әлі алда, - деп жазады депутат.

Сонымен қатар саяси майданға кірмей жатып шыңдауға сеп болған тілшілерге де алғысын білдірген.

Еске салайық, бұған дейін Ардақ Назаров БАҚ өкілдеріне интернет ақтарып бас қатырмаймын деп біраз сауалдарына қисық жауап берген. Кейін Ерлан Қошанов журналистерге жауап беруден қашқан Ардақ Назаровқа ескерту берілетінін айтты.

Ұсынылатын