Боғауыз депутатқа айыппұл салынды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке 21 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөзіне әдепсіз сөздер қолданғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Мен полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. Мені ұсақ бұзақылық жасағаным үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартты. Жіберген қателіктер үшін толық жауап беру керек. Бұл заң алдында барлығының тең екендігінің жақсы үлгісі», – деді ол Instagram – дағы парақшасында.
Айта кетейік, кеше Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында Тимур Елеусізов былапыт сөз айтамын деп басы дауға қалған болатын.