Sunday, 24 November,2024

Бойымдағы дерт кәсіп бастауға себеп болды - Әмина қажы Әжібаева

Uaqyt.info
Фото

"Перзент" балалар үйінің президенті Әмина қажы Әжібаеваның Алматы іргесінен саумал орталығын ашып, халықты сауықтырумен айналыса бастағанына екі жыл болған. Ол бұл кәсіпті бастауға бойындағы дерттің себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Перзент» балалар үйінің тәрбиешісі мешіт жамағатымен кездесті (ФОТО) -  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты

Әмина қажы Әжібаеваны көпшілік жетім балалардың анасы, қамқор тұлға ретінде таниды. Бірақ дені ол кісінің кәсіпкер екенінен бейхабар. Осыдан екі жыл бұрын Әмина қажы Алматының іргесінен сауықтыру орталығын ашыпты.

Ол жердің құпиясы сол – онда келген адамдар дертіне шипаны биенің сүтінен алады. Саумалмен сауықтыратын орын таудың етегінде орналасқан. Табиғаты көз тұндыратын ғажап жерді қажыға қалталы азаматтардың бірі сыйға тартыпты. Ал кәсіпті бастауға қажының бойындағы дерті себеп болған.

“Мен қант диабетімен ауырамын. Сол аурудан маған көбіне жәрдем беретін осы саумал. Анда барып, мында барып ішіп жүрдім. Кей барған жерлерімде жақпай қалады. Өзім де анша-мұншаны жақтыра бермейтін кемпірмін ғой. Сөйтіп жүргенде осы жерді бізге қалталы азаматтардың бірі сыйға берді. Мал ұстадық, мал қора бар қасымызда, тіршілігімізді жасап жүрдік. Содан бір күні “неге осы саумал орталығын ашпаймыз” деген ой келді. Содан екі жыл бұрын осы ғимаратты салып, кәсіпті бастап кеттік. Құрылысқа ақшаны қарызға алдық. Бұйырса осы күзде құтыламыз. Бұл жерде арақ-шарап сатылмайды. Адамдар тек демалып, емделу үшін келеді. Осы жерде жұмыс істейтіндердің барлығы - өзімнің қолымнан шыққан жетім балалар. Өзімнің балаларым, - дейді Әмина қажы Әжібаева.

Таудың етегінде орналасқан орталықта адамға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Заманауи үлгіде салынған жатын бөлмелер WI-FI, теледидар, тоңазытқыш, кондиционермен жабдықталған. Мұнда келгендерге күніне 5 мезгіл жаңа сауылған бие сүті беріледі. Саумал ішуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатқандар көп.

“Saumal_resort орталығында демалып, денсаулығымызды дұрыстатып жатырмыз. Барлығы көңілден шықты. Табиғаты тамаша жерде орналасқан екен. Өзім Қызылорда қаласынан келдім. 78 жастамын. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатқандар көп. Өзім осыдан бірнеше жыл бұрын ауыр операция жасаттым. Содан қанша дәрі ішіп, емделгенмен көтеріліп кетуім қиын болды. Содан іздестіре келе, осында келдік. Қазір жағдайым жақсы, саумал ішкелі өзімді жақсы сезінемін”, - дейді келушілердің бірі.

Құрғатылған бие сүті Еуропа мен Ресей нарығына шығарылады | 7kun.kz

Саумал – адамның ағзасына орасан зор пайдасын тигізетін биологиялық өнім. Ол метаболизмді қалыпқа келтіруге, тұмаудың алдын алуға, қатерлі ісік және түрлі аурудың алдын алу үшін қолданылады. Сондай-ақ, ол қан айналымын жақсартады әрі ер адамның потенциасын күшейтеді. Өйткені бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар.

“Саумал ішкен адамдардың ұйқы безі демалады. Бауыры, ішек құрылысы жақсы жұмыс істейді. Адамның иммунитеті көтеріліп, өзін жақсы сезіне бастайды. Әсіресе жүйкесі тозған адамдарға пайдалы. Өйткені саумалдың құрамында 40 түрлі пайдалы дәрумен бар. Covid-19 кезінде осы саумалдың арқасында көптеген адамдар өзін сақтап қала алды. Бұдан бөлек операциядан шыққан науқастардың тез аяққа тұруып кетуіне де осы сусынның пайдасы зор”, - дейді сауықтыру орталығының дәрігері.

Әмина қажы Әжібаева болашақта сауықтыру орталығының жанынан тағы бір ғимарат салмақшы. Өйткені келушілердің көптігіне байланысты адамдар кейде айлап кезекте тұрып қалады екен. Ол ең бастысы халықтың денсаулығын түзету – басты мақсатым дейді.

Ұсынылатын