Saturday, 23 November,2024

“Боксқа қатысқанымды білмей қалды”. Айтыскер ақынға ұшақта күш көрсеткен кімдер?

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай ұшақтағы шуға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, FlyArystan әуекомпаниясының қызметкерлері оны ұшаққа добырамен кіргізбей қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы айтыскер ақын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда Айшолпан FlyArystan әуекомпаниясының қызметіне наразылық білдірген. Ақынның айтуынша, оны ұшаққа домбырамен кіргізбей қойыпты, тіпті жұлқылап қолындағы аспапты тартып алмақ болған. Бірақ ақын қыз ешкімге бой бермепті.

"Тіркеу, тексеруінен өтіп, халықпен бірге ұшаққа отырайын деп келе жатсам, алдымнан FlyArystan-ның бір қызы шықты. Ұшаққа екі-ақ аттам жер қалды. Ол маған "біз домбыраны өткізбейміз немесе сізді рейстен түсіреміз" деді. Қолымда қазақтың домбырасы, жолымда тұрмаңыз деп ары қарай кетіп бара жатсам, әлгі қыз киімімнен тартып, мені итеріп, қолымдағы домбыраны алайын деп қолымнан тартып, өзінің шамасы жетпеген соң тағы бір қызды шақырды", - дейді айтыскер ақын. 

Айтыскер ақынның айтуынша, олардың да шамасы жетпеген соң әлгі екі қыз күзетшілерді көмекке шақырған.

"Күзетші ағамыз иманы бар намысты жігіт екен. Маған қарады, мүмкін мені таныған болар немесе қазақтың домбырасын құрметтегені болар, ештеңе демеді. Ары қарай ұшаққа отырып кеттім. Бір түсінбегенім, неге біз өз елімізде домбыраны қорлықпен тасу керекпіз? - деді Айшолпан Тілеутай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын