Saturday, 23 November,2024

Бокшсы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Оның басы ойын-сауық орталығында балалы ер адамды ұрғаны үшін дауға қалған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шүменовті іздестіру туралы хабарландыру 22 шілде күні ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Айта кетейік, боксшы 18 маусым күні Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Төбелестің бейнежазбасы желіге тарап, артынша шу болды. Тіпті  осы жайттан кейін спортшыға "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған болатын.

Өз кезегінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті "Қорқыту" бабы бойынша жауапқа тарту қажеттігін айтты.

Ұсынылатын