Бокстан ӘЧ: Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысына есе жіберді
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловтан ұтылып қалды. Алғашқы екі раунда жерлесіміз қарсыласына мардымды соққыларын өткізе алмады, тек үшінші раунда ғана қимылы ширақ болды. Осылайша Қоңқабаев әлем чемпионатымен қоштасты.
Айта кетейік, өзбек боксшысы - 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, 2019 жылғы Әлем чемпионы және үш дүркін Азия чемпионы.
Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық 5 боксшы бүгін рингке көтеріледі.
Жартылай финалдың жұптары:
48 келі. Санжар Ташкенбай - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг. Махмұд Сабырхан - Йосвани Вейтия (Куба)
67 кг. Дулат Бекбауов - Лаша Гурули (Грузия)
71 кг. Асланбек Шымбергенов - Нишант Дев (Үндістан)
80 келі: Нұрбек Оралбай - Имам Хатаев (Россия)