Saturday, 18 May,2024

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды

Uaqyt.info
Фото pixabay

2024 жылы бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді. IBA директорлар кеңесі Ташкентте өткен ресми жиналыста осындай шешімге келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлевтің айтуынша, мұндай жарыс соңғы рет Астанада 2016 жылы өткен екен. Ол келесі жылғы байрақты бәсекенің Қазақстанда өтетіндігіне зор сенім білдіріп, боксшылырға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ташкентте өткен әлем чемпионаты қазақ боксшылары үшін өте жақсы нәтижемен аяқталды. Қоржында 4 алтын 1 күміс медаль бар. Uaqyt.info Өзбекстанның төрінде атой салған қазақ боксшылары туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын