Болат Назарбаевтың денесі Шамалғандағы қорымға қойылатын болды
Uaqyt.info

71 жасқа қараған шағында қайтыс болған Болат Назарбаевтың денесі Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерленеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына қоюды аманат еткен екен. Айта кетейік, бүгін таңға жуық тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі көз жұмды. Марқұмның жүрегі тоқтап қалған.