Friday, 22 November,2024

Болат Назарбаев тағы бір базарынан айырылуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев Алматы облысында орналасқан "Барыс" автобазарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Пятый регион" сайтының жазуынша, Қарасай ауданының сотында осы автобазарға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Басылым мәліметінше, прокурорлар заңсыз алынған жерді мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Айта кетейік, 2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша жеті келісім-шарт жасалған екен.

"Автобазар орналасқан жер Болат Назарбаевқа заңсыз сатылған. Қарасай ауданының прокуратурасы қазір сол келісім-шарттарды заңсыз деп тануды талап етуде. Өйткені ол жер учаскелерінің мақсаты ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі, яғни суармалы егістікке жатады. Сондықтан 35 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек”, - деп жазды "Пятый регион".

Ұсынылатын