Saturday, 23 November,2024

Болат Назарбаевтың Айшаға қырындағаны рас па? Бүркіт шындықты айтты

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Танымал әнші Бүркіт әйелі Айша мен Болат Назарбаевқа қатысты ел арасындағы алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әнші журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда Бүркіт бірнеше жылдан бері ел арасында гу-гу өсекке арқау болған тақырыпқа нүкте қойған. Оның айтуынша, Болат Назарбаев пен Айшаның арасында ешқандай байланыс жоқ.

“Осы өсектің айтылып келе жатқанына қанша жыл болды. Әндердің ішінде 20, 30, 100 әннің ішінде тек бір ән хит болады. Өсектердің ішінде де хит болатын өсек болады екен. Оған кәдімгідей адам сеніп кетеді екен. Егер психикам дұрыс адам боламасам, мен де сеніп қалар едім. Ол кісі тойларға шақыратын. Біз барамыз, әнімізді айтамыз, дастарханына отырғызатын. Ешқашан ол кісіден ондай сөз, теріс әрекет жасағанын естіген емеспін. Ел арасында “Болат Айшаны алып кетіпті, кейіннен Бүркіт барып атысып, қырылысып, зорға дегенде 2-3 күннен кейін қайтарып алыпты” деген алып-қашпа әңгіме бар. Сөзім жоқ! Сол өсек шығарған адамды табу керек еді. Егер сондай әңгіме болатын болса, қасымыздағы адамдар еститін еді ғой. Ол кісіден мен өзім ұялып жүрмін. Осы өсектердің барлығы ол кісінің құлағына да жеткен шығар”, - деді әнші.

Ұсынылатын