Monday, 29 April,2024

Болат Назарбаевтың тоқалы болған Динара Шымкенттің бұрынғы әкімімен де төсектес болған

Алмас Абылай
Фото Уақыт.кз

Әнші әрі актриса, Болат Назарбаевтың тоқалы болған Динара Әлжан Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Ескерту: Материалды рұқсатсыз басуға тыйым салынады.

Бұл туралы әнші Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Динара Әлжанның айтуынша, ол Болат Назарбаевтан кеткеннен кейін материалдық жағдайы нашарлап, үйсіз-күйсіз қалыпты. Сондай күндердің бірінде әнші Шымкентке тойға шақырту алады. Шымкенттің бұрынғы әкімімен ол сол кезде танысыпты.

“Шымкентте караокеде отырған кезде Ғабидолла Рахметоллаұлы көмекшілерімен кіріп келді. Ол кезде ол кісі Шымкенттің әкімі. Сол кезде қонақүйдің ақшасын төлей алмай қиналып отырғанмын. Өйткені мені тойға шақырғандар лақтырып кетті. Қалтамда көк тиын жоқ еді. Сол отырыста ол маған қарап сөз сөйледі. Кейін биге шақырды. Қайрат Нұртас ән айтты. Ғабидолламен осылай таныстым. Ол маған сол түні Rixos қонақ үйінен VIP нөмір алып берді”, - дейді Динара Әлжан.

Динара мен Ғабидолла Әбдірахымовтың таныстығы осылай  басталған. Әншінің айтуынша, әкім ертесі түскі асқа шақырып, 20 мың доллар тұратын бриллиант сырға тарту етіпті. Бұдан бөлек үй аласың  деп 70 мың доллар қалтасына салып берген.

20 мың доллардың сырғасын сыйлады. Түскі аста отырған кезде қосымша тағы миллион теңге берді. Содан оған үйсіз жүргенімді жеткіздім, бірақ Болаттың тоқалы екенімді айтқан жоқпын. Содан ол Алматыдан үй аласың деп 70 мың доллар берді. Ол ақшаның жартысына бес бейнебаян түсірдім, жартысына үй сатып алдым. Ғабидолла мырзамен төсектес болдық. Бір-ақ рет жаттық. Өте жақсы кісі, нағыз джентльмен жігіт, - деді әнші.

Уақыт. Кз бұған дейін Динара Әлжанның Болат Назарбаевқа қалай тоқал болғанын және оның берген ақшасын шоу-бизнесте жүрген әншілерге қалай шашқанын жазған болатын.

Сұхбаттың толық нұсқасын журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.

Ұсынылатын