Saturday, 23 November,2024

Болат Назарбаевтың зауыты, Дариға Назарбаеваның қонақ үйі: Бас Прокуратура мемлекетке заңсыз бизнес активтерін қайтарды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Халық арасында Дариға Назарбаеваға қатысы бар делінген "Думан" қонақ үйі иелерінен 1,3 миллиард теңге өндірілген. Сондай-ақ Алматыдағы Болат Назарбаев заңсыз жекешелендірді дейтін машина жасау зауытының 31 пайыз акциясы да қайтарылып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мемлекетке активтерді қайтару туралы бас прокурор Берік Асылов айтты. Ақпарға сүйенсек, бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден астам сомаға активтер қайтарылған. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллары бар.

"Қайтару шаралары Комиссияның барлық мүшелерімен және тартылған мемлекеттік органдармен қабылданады. Жоғарғы Сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерге Бас Прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы, Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық "Думан" қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді", - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырды. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар. Мәселен, сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық істер шеңберінде жалпы сомасы 620 млрд теңгеге активтерді қайтаруды қамтамасыз етті, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар.

Басқа мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден астам сұрау хат жолданды. Олар бойынша 100 млн АҚШ долларынан асатын мүлікке тыйым салынды.Қаржы министрлігі қаржы-өнеркәсіп топтарының (ҚӨТ) кәсіпорындарынан қосымша 100 млрд теңгеден астам салық өндіріп алды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ҚӨТ компанияларына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салды, ал БҚДА 4 млрд теңгеге санкциялар қолданды. Прокурорлардың шараларымен олигополия субъектілеріне бұрын негізсіз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 460 мың гектардан астам жер қайтарылды.

Сондай-ақ нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алматының көтерме сауда нарығындағы үлесі, олигополия субъектілерінің меншігінде заңсыз болған Алматы әуежайының 17 коммерциялық үй-жайлары мемлекетке қайтарылды. Шетелде мүлікті анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың сәуір айында Швейцарияда Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Базель басқару институты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы институттың құрамына кіретін Активтерді қайтару жөніндегі халықаралық орталығы (ICAR) – әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Комиссия қызметі аясындағы шаралар кешені экономикалық ресурстар тар шеңбердегі тұлғалардың қолында шоғырлануды тоқтатқанға дейін және адал бәсекелестік пайда болғанға дейін қабылданатын болады

Ұсынылатын