Saturday, 23 November,2024

“Босаңсып кеттік”. Атырау облысының әкімі апатқа дайын болмағанын мойындады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Атырау облысында барлық күш-құралды жұмылдыру үшін, барлық қауіпке дайын болуымыз үшін облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жарияладым. Бүгін-ертең келетін қауіп жоқ, сондықтан даурықпай, барлығымыз біріге отырып қауіпке дайын болуымыз керек. Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан соң біз әбден босаңсып кеттік. 30 жылда су деңгейінің төмен болғанына үйреніп қалыппыз. Ұзақ уақыт бойы тереңдету жұмыстары жүргізілмеген, бөгеттер нығайтылмаған, кейбір жерлерде олар мүлдем алынып тасталған, су қорғау аймағындағы жер телімдері ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін берілген, арналар тазартылмады. Бұл жұмыстың барлығын өңірге тездетіп атқаруымыз керек”, - деді Шәпкенов брифинг барысында.

Ұсынылатын