Friday, 3 May,2024

Бостандыққа шыққан Төреш тек шәй ішетін болған

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Жақында ғана жазасын өтеп, бостандыққа шыққан әнші Төреғали Төрелінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төрештің видеосын өнердегі әріптесі әрі досы Нұрболат Абдуллин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда қос әнші шәй ішіп, мәз болып отыр.

"Төреш бауырымды көріп, бір марқайып қалдым. Талант - халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Алматы көшелерінде есірткіге еліткен күй көлік жүргізіп, кейіннен тәртіп сақшыларына бағынбай мінез көрсеткен әншінің қамауға алынғанын Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Ұсынылатын