Saturday, 23 November,2024

БҚО Аграрлық университетінің ғалымдары 55 млн теңгені қолды қылған – Бас прокуратура

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен іс қозғады. Ғалымдар аса ірі көлемде қаражат ұрлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді. Оның айтуынша, ғалымдар ғылыми зерттеулер үшін бөлінген 55 миллион қаражатты қалталарына басқан.

«Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан, атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған. Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеуде», - делінген мәліметте.

 

Ұсынылатын