БҚО-да 11 елді мекенді су басуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысының 11-ден астам елді мекені Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов өңірде екі тәулік бойы әр ауылды аралап, үйінді бөгеттердің жай-күйін тексерді.
Ведомство басшысы Бөрлі, Январцево, Рубежинское, Озерное, Володарское, Байқоныс, Жайық және тағы басқа ауылдарда болды.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңірде 100 шақырымнан астам қорғаныс жер бөгеттері салынды.