БҚО-да 1455 бала мен 2289 ересек адам қауіпсіз жерге көшірілді
Uaqyt.info
Фото ТЖМ
БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар және су тасқыны салдарын жою жалғасуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТЖМ мәліметінше, су тасқыны кезінде 3744 адам оның ішінде 1455 бала эвакуацияланды. 2700-ден астам ірі қара және ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап облыста 640 мыңнан астам м3 еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 104 мыңнан астам қап төселді.
Құтқару жұмыстарына мыңнан астам адам және 400 бірлік техника жұмылдырылған.