БҚО-да 23 жастағы қызды пышақтап кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында 23 жастағы қызды ұрып-соғып, пышақтап кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
БҚО ПД мәліметінше, қызға шабуыл жасаған ер адамның жасы шамамен 25-30-да, бойы 160-165 сантиметр. Күдікті үстіне капюшоны бар қысқа қара күрте киген. Әзірге қаскөйдің қайда жасырынғаны белгісіз.
Айта кетейік, 23 жастағы қыздың соққыға жығылғаны туралы ақпарат мессенджерлерде тараған болатын. Онда оқыс оқиғаның 28 қаңтарда Ақсай қаласындағы темір жол өткелі көпірінің маңында болғаны айтылады.