Sunday, 8 December,2024

БҚО-да әйелін ұрып өлтірген 73 жастағы зейнеткер 10 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында әйелін ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, зейнеткер 48 жыл бірге тұрған әйелін пәтерде соққыға жығып, артынан оны буындырып өлтірген. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы ер адамға 10 жыл жаса кесті.

Тірі болса, ол 86 жасында бір-ақ бостандыққа шығады.

Сотталушы сотта кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сот оның жасы келіп қалғанына байланысты 10 жыл жаза бергенін атап өтті.

Ұсынылатын