Friday, 3 May,2024

БҚО-да эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Uaqyt.info
Фото

Батыс Қазақстан облысында алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су басу қаупі бар саяжайлардан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Өзендерде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қала маңында орналасқан «1 саяжай» және 2 саяжай» бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен тұрғындарға бірнеше күн бойы ескерту парақшалары және хабарламалар жүргізілген болатын. Кейбір тұрғындар эвакуациялық пункттерге немесе туыстарына орналастырылды, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын