Friday, 3 May,2024

БҚО-да белгісіз дерттен мал қырылып жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ірі қара белгісіз індеттен баудай түсіп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Шаруалардың сөзінше күні бүгін ауданда 100-ге жуық сиыр өлген. Әуелі ауру мал ақсаңдап, келесі күні үстінде ісік пайда болып, құлайтын көрінеді. Мал иелері соның алдында малдың қарасанға қарсы егілгенін айтады, ауру сол вакцинациядан пайда болды ма деген күдіктерін жасырмайды.

“Бөрлі ауданы бойынша қарасанға ұқсас симпттомдармен ірі қара малы өліп жатыр. Олардың бірден-бір белгілері аяғында, төсінде, мойнында ісіктер пайда болады, губка секіліді су жинала ма. Соның салдарынан жеке қосалқы шаруашылықтарда, шаруа қожалықтарында ірі қара мал құлап жатыр. Неден екенін білмей отырмыз. Бәрі қарасанға қарсы вакцина жасалған”, - деді Бөрлі аудандық фермерлер одағының төрағасы Бақыт Далабаев.

Облыстық ветеринарлық басқарма мамандарының мәлімдеуінше Бөрлі ауданында өлген малдың саны 10. Әуелі 7 бас өліп, соның үшеуінен сынама алынған. Қарасан да, сібір жарасы да дәлелденбеген. 30-ы күні өлген 3 бас ірі қараның талдама қорытындысы әлі шықпаған.

Ол 8-10 күн ішінде шығады. Тап сол қарасан сол аурудан болып тұр деп зертхана қорытындысынсыз айта алмаймыз. Мал ауырып өлді деген күдік болған кезде дәл қай ауру деп мал дәрігері вердикт ана жерде шығарады, соған тексереді де, сосын сібір жарасы секілді ұқсас ауруларды да қарайды. Ол тек бір ауруға тексермейді”, - деді БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Кенжебек Аймашев.

 

Ұсынылатын